1. Сілтеме бойынша сауалнаманы толтыру: | Анкета |
2. Өтінішті толтыру және қол қою: | Өтініш |
3. Жоғары заң білімі туралы құжаттың көшірмесі | |
4. Соттылығының жоқтығы туралы анықтама (құжаттарды өткізуге дейін бір айдан кешіктірілмей алынған) | на egov.kz |
5. Психоневрологиялық ұйымда есепте тұрмайтыны туралы анықтама | на egov.kz |
6. Наркологиялық ұйымда есепте тұрмайтыны туралы анықтама | на egov.kz |
7. Заң мамандығы бойынша кемінде 2 жыл жұмыс өтілін растайтын құжаттар (еңбек кітапшасының көшірмесі немесе жұмыс берушіден анықтама) | |
8. Фотосурет (jpg, png электронды форматында, 3х4 өлшеміндегі) | |
9. Мүшелік жарнаны төлеу туралы түбіртек, жарна көлемі жылына 24 айлық есептік көрсеткіш (АЕК). (аттестаттаудан өткеннен кейін жарналарды кемінде 6 ай үшін төлеу қажет) | Төлеу тәсілдері |
Деректемелер: (мүшелік жарналарды банкте, Қазпошта бөлімшесінде немесе онлайн төлеуге болады) | Деректемелер |
10. Аттестаттаудан өту (құжаттарды тапсырғаннан кейін онлайн-тестілеу): | Аттестаттау ережелері |
11. Кәсіби жауапкершілікті сақтандыру шарты (Палатаға кіргеннен кейін жасалады). | Сақтандыру |
Құжаттар электронды (сканерленген) түрде мына электронды пошта бойынша қабылданады: |
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» ҚР Заңы 2018 жылғы 05 шілдеде қабылданды. Бұл заң Қазақстанда алғаш рет «заң консультанты» және «Заң консультанттарының палатасы» ұғымдарын енгізеді.
Осы заңға сәйкес, заң консультанты – жоғары заң білімі бар, заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар, аттестаттаудан өткен, заң консультанттары палатасының мүшесі болып табылатын және заң көмегін көрсететін жеке тұлға.
Палата мүшелеріне арналған ақпарат.