important , news

Заңгерлік подкаст: «на ПРАВОм»

Заңгерлік подкаст: "на ПРАВОм" 2024 жылғы 7 желтоқсанда Астана қаласы Заң консультанттары палатасы танымал заңгерлермен бірлесе отырып ұйымдастырған «Заңгерлік подкастың» жаңа шығарылымы жарық көрді. Шығарылымды Заңгерлік подкаст: «на ПРАВОм» атты YouTube арнасынан, сондай-ақ TikTok әлеуметтік желісіндегі арнасынан көруге болады.

Подкасттың жүргізушілері ретінде танымал заңгерлер мен сарапшылар шақырылды:
Серік Беркамалов, Астана қаласы Заң консультанттары палатасының Тәртіптік комиссия төрағасы.

Ануарбек Скаков, Астана қаласы Заң консультанттары палатасының төрағасы.
Булат Пономарев, заң кеңесшісі, заң ғылымдарының кандидаты, «Пономарев, Чичков және серіктестері» заңгерлік фирмасының директоры.
Александр Чичков, «Пономарев, Чичков және серіктестері» заңгерлік фирмасының серіктесі.

2024 жылғы 7 желтоқсандағы Юридический подкастың жаңа шығарылымы Қазақстандағы қылмыстық сот ісін жүргізу және қылмыстық-атқару жүйесінің жұмысына арналды. Подкастқа арнайы шақырылған қонақ – Аманжол Мұхамедьяров, қылмыстық істер бойынша белгілі адвокат. Ол Қазақстанның қылмыстық сот төрелігі жүйесінің мәнін ашып, сот және пенитенциарлық жүйелердегі ең өзекті мәселелерді талқылады, сондай-ақ 2024 жылы ең көп талқыланған резонанстық қылмыстық істерге қатысты сараптамалық пікірлерін берді.

Заңгерлік подкаст: «на ПРАВОм» – Қазақстан Республикасының азаматтары мен кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын, сондай-ақ резонанстық қылмыстық және азаматтық істерді, экономика, саясат және заңнамалық өзгерістерді талқылауға арналған алаң. Подкасттың мақсаты – құқықтық мәселелерді қоғамға түсінікті етіп жеткізу және құқықтық сананы арттыру.

Подкастың алғашқы шығарылымы атышулы «People vs. Бишімбаев» қылмыстық ісіне арналды. Сонымен қатар, онда Қазақстандағы су тасқынымен күрес, миграциялық заңнаманы өзгерту және басқа да өзекті мәселелер талқыланды.

Эфирлер дөңгелек үстел немесе стрим форматында өтеді. Подкастқа түрлі салалардың сарапшылары, мемлекеттік билік өкілдері, Парламент депутаттары қатысады.