important news

«Халықтық заңгер – 2025» әлеуметтік акциясы.

Народный юрист 20252025 жылғы 30 мамырда Астана қаласында және Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халықтық заңгер – 2025» республикалық әлеуметтік акциясы бір мезгілде басталады.

Жобаның мақсаты – құқықтық сауаттылықты арттыру және халыққа, әсіресе әлеуметтік жағынан осал топтарға (аз қамтылған азаматтар, көпбалалы отбасылар, жалғызбасты аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар, шағын және орта бизнес өкілдері, студенттер және т.б.) тегін заң көмегін көрсету.

Іс-шараны ұйымдастырушылар:
– ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі,
Zakon.kz желілік басылымы,
– «Параграф» ақпараттық жүйесі,
– Республикалық заң консультанттары алқасы,
– Астана қаласының заң консультанттары палатасы,
– Қазақстан заңгерлер лигасы.

Республика бойынша акция өткізілетін орындардың мекенжайларын zakon.kz порталынан көруге болады.

«Халықтық заңгер» – бұрын-соңды болмаған бірегей акция, ол 2016 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл бастаманы бүкіл елдегі заңгерлік қауымдастық қолдады. Акция халық арасында бірден танымал болып, кейіннен жыл сайын өткізілу дәстүріне айналды. Қазір ол тек ірі қалаларда ғана емес, бүкіл ел аумағында өткізіледі.

Әрбір азамат «Халықтық заңгер – 2025» акциясына келіп, өзіне қажетті барлық құқықтық сұрақтар бойынша білікті тегін кеңес ала алады. Азаматтарды тәжірибелі заңгерлер, соның ішінде танымал адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, полицейлер, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар, әділет және көші-қон қызметкерлері, банк омбудсмені, ҮЕҰ мен мемлекеттік органдардың басшылары қабылдайды.

Заңгерлер құқықтық кеңес береді, ал мемлекеттік органдар азаматтарды жеке қабылдайды. Қабылдау уақыты шектелмейді — соңғы азамат келгенше жалғасады.

«Халықтық заңгер» қызметін пайдаланғысы келетіндердің саны мыңдаған адамға жетеді. Тек 2016–2019 жылдар аралығында 100 мыңнан астам азамат тегін заң көмегін алды, ал сұрақтарға 7 мыңнан астам заңгер мен мемлекеттік орган басшылары жауап берді.

Көтерілетін мәселелер – сан алуан, өмірдің өзі сияқты. Бірі – азаматтық іс бойынша кеңес алғысы келсе, енді бірі – қылмыстық, тұрғын үй, еңбек, банк, жер, салық заңнамасына қатысты сұрақтармен келеді. Кейбіреулерді — отбасы және неке, мұрагерлік, жылжымайтын мүлік, айыппұлдар, несие, кибербуллинг және т.б. қызықтырады. Көп жағдайда адамдар құқықтық дауда өздерін қалай қорғау керектігін, неден бастау керектігін білмейді. Мұндайда «Халықтық заңгердің» көмегі – баға жетпес.

Ауқымы мен қамтылуы жағынан «Халықтық заңгер – 2025» акциясының баламасы Қазақстанда да, әлемде де жоқ. Қазақстан – мұндай ауқымды және бірегей жобаны бастаған және табысты жалғастырып келе жатқан жалғыз мемлекет. Басқа елдердің ешқайсысында бүкіл халықты бір мезгілде тегін заң кеңесімен қамтитын акция өткізілмеген және өткізілмейді.

Бұл жоба Қазақстанда шын мәнінде бүкілхалықтық сипатқа ие болды және жалпымемлекеттік маңызға ие. «Халықтық заңгер – 2025» заң үстемдігі мен демократиялық құқықтық мемлекеттің дамуына үлес қосады – бұл біздің ортақ үйіміз, мұнда заңдылық пен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына құрмет сөзсіз басымдыққа ие болуы тиіс.


Егер сізде құқықтық сипаттағы сұрақтар болса және тегін әрі сапалы кеңес алғыңыз келсе — Қазақстанның үздік сарапшыларына жүгінуге мүмкіндігіңіз бар.
«Халықтық заңгер» – бұл халыққа арналған тегін заң көмегі.

Астана қаласында өткізілетін орны:
Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы,
Бауыржан Момышұлы даңғылы, 5
Басталуы: 2025 жылғы 30 мамыр, сағат 17:00